Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ медициналық колледжінде арнайы- тактикалық оқытуларды өткізу

ҚММУ медициналық колледжінде арнайы- тактикалық оқытуларды өткізу

12 Наурыз 2015


ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің нұсқауы және Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы мен Қарағанды қ. әкімінің 2014 жылдың 16- қазанында бекітілген жоспарына сәйкес 2015- жылдың 17- ақпанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің медициналық колледжінде азаматтық қорғаныс бойынша «АҚ құралымдарының өндірістік апаттар, апаттық жағдайлар, табиғи апаттардың салдары мен диверсиялық - барлау топтарының әрекетін тоқтату және жоюдағы өзара әрекеттесуі» тақырыбында арнайы- тактикалық оқытулар (АТО) өтті. 

АТО - ға дайындық  ҚММУ АҚ бастығы – ҚММУ ректоры -  медицина ғылымдарының докторы, профессор Р. С. Досмағамбетованың 06.01.2015ж. №1 бұйрығы негізінде іске асырылды.

Штабтық-командалық оқытулар жыл сайын басшылық құрамды алға қойылған кешенді тапсырмаларды орындауға дайындау мақсатында өткізіледі.

  Арнайы – тактикалық оқытулар, хабарлау және жинау, азаматтық қорғаныс бойынша апаттық жағдайлар бойынша дайындық жүргізу медициналық колледждің бейбіт және соғыс жағдайындағы төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығының ең шыңдалған түрі.

 

АТО жүргізу кезінде «ТЖ ескерту және жою бойынша іс-әрекет ету жоспарында» қарастырылған практикалық іс-шаралар атқарылды.

Дайындық барысында оқытушылар мен медициналық колледж қызметкерлерін техногендік және табиғи ТЖ туындаған жағдайында қорғау әдіс-тәсілдері мен практикалық амалдарды игеруге негізгі көңіл бөлінді.

Оқытуларға басшылық және оқытушылар, білім алушылар мен қызмет көрсету ұжымы жұмылдырылды.

  АТО басшылық құрамын құрайды: азаматтық қорғаныс бастығы – ҚММУ медициналық колледжінің директоры Қ.А. Естемесова; азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары– ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Б. С. Қошқарбаева;  АҚ штабының бастығы – АӘД оқытушысы-ұйымдастырушы Н. С. Латыпов.

АТО дайындау кезінде оқытушылар мен қызметкерлерді бейбіт және соғыс жағдайындағы төтенше жағдай кезінде тиімді қорғау, құтқару жұмыстарын жүргізу және АҚ дабылы бойынша оқытуларға қатысушылардың епті әрекет ету мәселелеріне негізгі көңіл бөлінген.

Дайындық кезінде құралымдардың жеке құрамымен  нұсқаулық сабақтар: хабарлау, жинау, жабдықты алу, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалану, білім алушыларды экстремалды жағдайларда қорғау бойынша орындау дағдылары, уақыт тапшылығы жағдайында көшіру, алғашқы медициналық көмек, оқыту шараларының орындалу реттілігі, қауіпсіздік шаралары және т.б.

  АТО табысты өткізу дайындық жұмыстарының  көлемі мен мұқияттылығына, құжаттардың толық және сапалы дайындалуы, іс-шаралардың жоспарлы өткізілуіне едәуір байланысты болды.

  Оқытулардың қорытынды бөлігінде арнайы- тактикалық оқытулардың сапалы өткізілуіне ҚММУ АҚ штабы бастығы  А.М.Зининнің санитарлық жасаққа жоғары деңгейде баға беруі болып табылды.

  Оқыту мақсаттарына жету дәрежесі анықталып, дайындық деңгейі бағаланып, нашар игерілген мәселелерге сараптама жасалды.

  Құралымдардың жеке құрамы ұйымшылдық, тәртіп, өз функционалды міндеттерін атқарудағы мықты білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын, азаматтық қорғаныс құрылымдарын басқару біліктерін көрсетті.

  Арнайы- тактикалық оқытулар барысында барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды.

  Е. Д. Ярославцева,

№ 2 топ командирі - «Химия» пәнінің оқытушысы

  Н. С. Латыпов,

  ҚММУ медициналық колледжінің АҚ штабының бастығы –

  АӘД пәнінің оқытушысы.


0
18591

пікірлер

пікір қалдыру үшін.