Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттермен кездесу

Студенттермен кездесу

04 Наурыз 2015

ҚММУ студенттерімен тәрбиелік шара бойынша жұмыс аясында биохимия кафедрасы мен патологиялық анатомия кафедралары «Дөңгелек стөл» түрінде № 7 жатахана студенттерімен кездесу өткізді. Кафедра оқытушылары кеңес-әңгімелер өткізді және «Сыра қабылдаудың салдарлары» және «Жастар арасындағы сыра алкоголизмі» тақырыптары бойынша интерактивті материалдар көрсетілді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты СӨС-ті (салауатты өмір салты) насихаттау және аз алкоголді сусындар залалсыз деген көзқарасты жою, себебі «салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» - Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына «Стратегия «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа курсы» жолдауы. 

Сыралық алкоголизмнің медициналық және қоғамдық аспектілері талқыланды. Аз алкоголді сусындардың ағзаның – жүйке жүйесіне, жүрек-қантамыры жүйесіне, несеп түзілдіру жүйесіне, бауырға, ұйқы безіне, жыныс бездеріне, қанға әсерлері талданды. Өтетін патологиялық үдерістердің биохимиялық негіздемелері келтірілді, сыралық алкоголизмнің патологоанатомиялық шешілу нұсқалары көрсетілді. 

Жастар арасындағы сыралық алкоголизмнің кең таралуына, сонымен бірге жастардың репродуктивтік саулығына әсерлеріне  баса назар аударылды. 

Кеш болашақ ұрпақтың әлеуметтік және физикалық денсаулығы туралы студенттерге арналған ашық сұрақ түрінде аяқталды. 

Биохимия және патанатомия кафедраларының оқытушылары кездесуді ұйымдастыру және өткізуге көрсеткен көмегі үшін № 7 жатахана старостасы Т. Ережеповке алғыс айтады. 


0
18387

пікірлер

пікір қалдыру үшін.