Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Белсенді студенттердің слеті

Белсенді студенттердің слеті

03 Наурыз 2015

Жоғары оқу орнында оқу мерзімінде студент тұлғасының қалыптасуы және дамуы – белсенді азаматтық позициясы бар әлеуметтік жетілген тұлғаны тәрбиелеумен байланысты жастардың әлеуметтендірудің маңызды кезеңі. Осы мақсатпен 19-ақпан күні Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптасуындағы студенттік қоғамдық берлестіктердің рөлі» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына ҚарМУ, ҚарМТУ, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясы сияқты жоғары оқу орындарының және біздің университеттің студенттері қатысты. 

Патриотизм, мемлекеттегі белсенді студенттер позициясы және мемлекеттік тіл тақырыптарын қозғайтын баяндамалармен Азами Расулова (3-083 ЖМ) «Современная молодежь – залог процветания Казахстана» , Жансая Рүстембекқызы (5-019 ЖМ) «Тіл елімнің тірегі», Бекмурзаева Диана (2-082 ЖМ) «Быть патриотом сегодня актуально» сөз сөйледі.  ҚММУ студенттері Нұрлыбек Изетов (3-040 ЖМ), Асель Жұмабекова (4-099 ЖМ) пікір алмасуға белсенді қатысты. Қатысушылар белсенді түрде өз көзқарастарын білдірді және студенттердің азаматтық позициясын дамытуға жаңа ойларын талқылауға енгізді. 

Асель Жұмабекова

СӨӨБК қайырымдылық секторының жетекшісі 

0
18289

пікірлер

пікір қалдыру үшін.