Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттермен кездесу кеші

Студенттермен кездесу кеші

24 Ақпан 2015

Патриоттық сезімді күшейту, білім деңгейін көтеру, әлеуметтік статусты және тәртіптің этикалық нормаларын жоғарылату мақсатында №1 Жедел және шұғыл медициналық көмек кафедра қызметкерлерінің студенттермен  №7 жатақханада  «Дөңгелек стөл»  түріндегі тәрбие жұмысы бағытындағы кездесуі өткізілді. Кафедра меңгерушісі А.Р. Алпысова басқаруымен және де  кафедра ұстаздарымен келесі қызықты тақырыптағы таныстырылымдар ұсынылды: «Президенттің Қазақстан халқына жолдауы» - Ю.В.Суббота; «Жан-ұяны жоспарлау» - Е.И.Буркова; «Нашақорлық – әлеуметтік ауру» -  Н.Т.Телембетов, «Мемлекетте әйел статусын көтеру» - М.С. Байекеева.

Берілген тақырыптарды талдау кезінде студенттер үлкен қызығушылықтарын танытып, әңгіме - пікірталасқа белсене қатысып, өз ойларын еркін және ашық айтып, барлық қатысушылардың сөздеріне құлақ асты. Жас түлектердің,  әсіресе Президент Жолдауы «Нұрлы жолды»  талдау кезінде саяси сауаттылығын көру қуанышты жағдай болды.

Әйелдің қоғамдағы рөлі белсенді талқыланып, студенттер өз ойларын еркін айтты, тіпті әйел және ерлер ұжымында аздаған талас тартыс орын алып, қызықты диалог құрылды.  

Нашақорлықтың жастар арасында таралуы жайлы және соған байланысты шаралардың қызметтік кодекспен  қаралатыны жайлы тақырыпқа ерекше көңіл бөлінді.  

Жанұяны жоспарлау жайлы сұрақ та талқыланбай қалмады, оның ішінде отбасылық жұптың денсаулығына байланысты медициналық құқығы да талқыланды. 

Кеш жақсы ортада өтті. Кеш аяқталғанда балалар кафедра ұстаздарына  ұсынылған қызықты ақпарат үшін, өз ойларын еркін талқылай алғаны үшін және де жылы қатынас көрсеткені үшін үлкен алғыстарын айтты. Өз кезегінде кафедра ұстаздарына да жас студенттермен өткізілген сұхбат ұнады.

№1 жедел және шұғыл жәрдем

кафедрасының машықтанушы –ассистенті Е.И. Буркова 


0
18171

пікірлер

пікір қалдыру үшін.