Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жемқорлық – тұңғиыққа жол»

«Жемқорлық – тұңғиыққа жол»

17 Ақпан 2015

  Жемқорлық әрбір мемлекеттің түбіне жететін қатерлік ісік жарасы сияқты. Жемқорлықпен күресу әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдеріне тән.

  10-қараша күні студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі «Таза сессия» акциясының аясында «Жемқорлық – тұңғиыққа жол!» іс-шарасы өткізілді. Осы оқу жылында акцияны жемқорлықпен күрес саласындағы құзыретті органдар мен университет студенттер арасында сұхбат алаңы түрінде өткізу шешілді. Жиналғандардың алдында да: оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңесінің төрағасы Ж.Ш. Сәрсенов, Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық  студенттік қозғалысының көшбасшысы Е.Д. Мақашев, Қарағанды қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығының директоры Б.Н.Әлімжанов сөз сөйледі.

Театр өнері үйірмесінің қатысушылары бейнеролик және жемқорлыққа қарсы бағытталған театр қойылымын дайындады. 

Осындай іс-шаралардың мақсаты студенттерді біздің университеттің қабырғасында ғана емес, сонымен бірге барлық жерде жемқорлық құбылыстарына кешіріммен қарамауға болмайтынын үйрету. Әрбір азамат осы жауыздықпен күресуге қатысуға міндетті. Бірге жемқорлықтың түбін жояйық!  

  Рахметов Жандос (5-021 ЖМ) 

  Студенттердің өзін-өзі басқару

Комитетінің төрағасы

0
18465

пікірлер

пікір қалдыру үшін.