Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазіргі таңдағы тамақтанудың тиімді жолдары

Қазіргі таңдағы тамақтанудың тиімді жолдары

13 Ақпан 2015

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясынан келген студенттер «Қазіргі таңдағы тамақтанудың тиімді жолдары»  атты тақырыпта  іс-шара өткізді. Аталмыш шараны өткізудің негізгі мақсаты- қазіргі таңдағы тиімді тамақтану жолдарын ұсынып, дағдыға айналдыру болып табылады.

  Іс-шараға Профилактикалық медицина, биология және фармация факультет деканының  оқу-әдістемелік және тәрбие  жұмысы жөніндегі декан орынбасары Омарова Айнұр Құралбекқызы және  Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушылар құрамы мен 4001, 4002, 4003 топтарының студенттері және «Академиялық ұтқырлық»  бағдарламасы бойынша  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен  келген студенттер қатысты.

  Іс-шараны ұйымдастырушылар А.Б. Жүніс «Халық арасында тиімді тамақтануды насихаттау» тақырыбында таныстыру дайындады және А.З. Қуанышбекова «Қарт және егде жастағы адамдардың тамақтануы»,  Г.Жұмаділлә «Ұлттардың тамақтану ерекшеліктері», Г.Б.Түймебаева «Тиімді тамақтану барысында кететін қателіктер»  тақырыптарында таныстыру дайындады. Іc-шара студенттердің баяндамаларынан ғана емес , сондай-ақ кері байланыс ретінде  оқытушылар құрамымен студенттерге арналған сұрақтар қойылып, жемістер үлестірілді.

  Студент жастар өткізілген  іс –шарадан көптеген пайдалы да,  қызықты кеңестер алып, өзара талқыға салып, қазіргі таңда тиімді тамақтанудың ерекшеліктерін дағдыға айналдырамыз деген мақсат қойды.

 

Факультет деканы   В.Н.Приз


0
20527

пікірлер

пікір қалдыру үшін.