Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

13 Ақпан 2015

2015 жылы елімізде үлкен мерейтой өтеді – Қазақ хандығының пайда болуына 550 жыл. Бұл оқиғаға орай, телебағдарламалар өтеді, ғылыми конференциялар ұйымдастырлады, мақалалар жазылады. Біздің мақсатымыз - Отан тарихына студенттер қызығушылығын арттыру. Бұл шараларды көрнекті құралдар, оның ішінде фотосуреттер және тарихымызға маңызды болатын ескерткіштер туралы таныстырылым көмегімен істеуге болады.

  Қазақ хандығының кұрылуы туралы көп мақала, оқулықтар мен оқу құралдары жазылған. 15 ғ. ортасында Оңтүстік Қазақстан аумағында жаңа мемлекет кұрылуы туралы барлық мәліметтер бір автордың ғылыми еңбегінде бар екендігін жалғыз ғана тарихшылар біледі. Бұл 16 ғ. «Тарих-и-рашиди» авторы, мемлекеттік қайраткер және ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати. Осы еңбегінде автор 1465 – 1466 жж. Қазақ хандығының кұрылуы дәл датасын көрсетті, Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр хандығынан Моғолстанға көшіп кетуі туралы баяндап берді. Мұхаммед Хайдар Дулати «қазақ» терминінің пайда болуының және осы сөздің әлеуметтік мағынасын түсіндірді. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университет алдында бұл ойшылға және қолбасшыға ескерткіш орнатылды. Жақында ғана, Кашмирде, Сринагар қаласында болған Мұхаммед Хайдар Дулати мазарын қазақстандық ғалым және діни қайраткер Әбсаттар Дербісәлі қажы тапты.

  Кашмир - Үндістан мен Пәкістанға тән аумақ болып табылады. Сол себепті, О.А.Ковтун осы қауіпті жерден қайтып келгенін кафедрадағы әріптестер алаңдап күтті. Ольга Алексеевна Мұхаммед Хайдар Дулати мазарын табуды бұрыннан бері мақсат еткен. Өйткені, Мұхаммед Хайдар Дулати туралы  Қазақстан тарихынан барлық оқулықтарда және оқу құралдарында айтылады.  «Құпия айтайықты» істеуге өте қиын болды: бөтен ел, исламның қатал дәстүрлері, аймақтағы тыныштықсыз жағдай, осының бәрі еуропалық  келбеті турист қыздың осы жерде болуына қауіптілік тудырды.

Сол себепті, Ольга Алексеевна бұрынғы студент, ҚММУ түлегі Парвиз Дар Мухиддинге алғыс айтады.  Осы сапарға Ольга Алексеевнаны Парвиз Дар Мухиддин алып барды. 

Сринагарда, Заин уль Абидина кесенесі жанында, Джелум өзен жағалауында ескі мазар табылды. Міне, уақыттан жарылған құлпытас та…

О.А.Ковтун Қарағандыға келгеннен кейін тағы да бір рет фотосуреттердің анықтығын тексеру үшін, фотоларды Әбсаттар Дербісәлі қажыға жібереді. Әбсаттар Дербісәлі қажы бұл тарихи ескерткіштің анықтығын растады. Бұл ескерткіште болған жазуды Әбсаттар Дербісәлі өзі бірнеше жыл бұрын ашып оқыды. Ольга Алексеевна кафедраға кұрмет көрсетіп тарихымызға баға жетпес фотосуреттерді дәріс уақытында студенттерге көрсетуге рұқсат берді. Және кафедрадағы тарих үйірмесі жиналысында «Қазақ хандығың құрылуы» атты таныстырылымын көрсетті .

30.01. 2015 ж.

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедра аға оқытушысы   А.Б.Долгополов


0
19815

пікірлер

пікір қалдыру үшін.