Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
VI Халықаралық Қысқы Мектеп «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері: Денсаулықты қолдау мен аурулардың алдын алу (қауіптің мінез – құлықтық факторлары)»

VI Халықаралық Қысқы Мектеп «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері: Денсаулықты қолдау мен аурулардың алдын алу (қауіптің мінез – құлықтық факторлары)»

05 Ақпан 2015

2015-жылдың 26-30-қаңтары аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті VI Халықаралық Қысқы Мектеп «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері: Денсаулықты қолдау мен аурулардың алдын алу (қауіптің мінез – құлықтық факторлары)» өткізді.

Қысқы Мектепте қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы шет елдері мен ҚР мамандары, сонымен қатар С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Семей қаласының ММУ, МКТУ, ОҚМФА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Тынышпаев атындағы ҚазАТК және біздің университет студенттері қатысты, олар  А. Арымбекова, А. Кабдушева, А. Асқарова, Д.Токашева, Д.Алпысбаев, Ж. Қуаныш.

Қысқы мектептің бірінші күні С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ профессоры, қоғамдық денсаулық сақтау салсындағы ректор кеңесшісі Т.С.Мейрманалиев «қауіптің мінез – құлықтық факторлары (артериалық гипертензия, артық салмақ, қатты диабет)» атты лекция оқыды. Кездесуді Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедра ассистенті Ф.А. Багиярова «Ментальді денсаулық және стресстің алдын алу» атты семинарымен жалғастырды, күн соңында қонақтар ҚазҰМУ мұражайын тамашалады.

Екінші күні қысқы мектептің салтанатты ашылуы өткізілді, ашылуда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры сөз сөйледі және бұл күнді «Тамақтану» тақырыбына арнады. Үшінші күні «Репродуктивті денсаулық және құқық, ЖҚАБИ және АИВ» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Төртінші күні «Маскүнемділік және шылым шегу профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді, сондан соң Халықаралық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, профессор К.К. Құрақбаевтың қолдауымен студенттер ішкі аурулар клиникасына барды. Сонғы, бесінші күні «Салауатты Университеттер» атты олимпиада өткізілді, салтанатты ашылу рәсімін С.Д. Асфендияров атындығы КазҰМУ ректоры А.А. Ақанов, ОТЖ проректоры К.А. Тулебаев, профессор, қоғамдық денсаулық сақтау салсындағы ректор кеңесшісі Т.С. Мейрманалиев Саясат және денсаулық сақтауды басқару кафедра меңгерушісі Б.С. Тұрдалиева өткізді. Ашылудан соң олимпиада қатысушылары «Салауатты университеттер» атты жобаларын қорғап, олимпиада қатысушылары марапаттау жүргізілді. Бірінші орынды МКТУ қатысушылары, екінші орынды «Тамшылар орнына жаттықтырушылар» атты жобамен Семей қаласының ММУ студенттері және үшінші орынды ОҚМФА иеленді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар ұсынылды.

Ж.М. Қуаныш Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультеті

СӨӨБК төрайым орынбасары.

0
18486

пікірлер

пікір қалдыру үшін.