Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Испаниядағы оқу

Испаниядағы оқу

09 Ақпан 2015

28 - қаңтар күні Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінде қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испанияда оқып келген 5 курс студенттерінің факультеттің 1, 2 , 3, 4, 5 курс студенттерімен кездесуі өтті.

5 курс студенттері өздерінің Барселонаға сапарлары туралы өте қызықты таныстырылым дайындады. Уресаев Асхат және Сабиорва Нигина студенттердің сұрақтарына жауап берді. Студенттерді оқудың шарттары, оқудың әдістері, оқу тілдері, магистратураға түсудің шарттары сияқты сұрақтар қызықтырды.  Сонымен қатар, біздің студенттердің қандай жағдайда тұрғандарын, қандай мекемелерге барғандарын, Барселона университетінің жабдықтауларын суреттерден көру өте қызықты болды.

Ең бастысы, біздің студенттер бізге олардың ҚММУ мен Барселона университетінің оқуын салыстыруға мүмкіндік болғанын айтып, біздің университтетте өте жақсы білім береді деген шешімге келді, себебі Барселонада оқып біздің студенттер ол жақта оқылған тақырыптарға еркін пікір айта алды.

Біз Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде білім алып жатқанымызбен өте мақтанамыз.  

Хабит Асель

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы


0
18288

пікірлер

пікір қалдыру үшін.