Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2015» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесі

«Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2015» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесі

30 Қаңтар 2015

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – Келешекке жол» атты Жолдауына сәйкес  № 5 орта білім беру мектебінің ресурстық орталығында 2015 жылдың 23 қаңтарында 9-11 сынып оқушыларына арналған  педагогикалық және ата – аналар қауымы «Кәсіптер әлеміндегі түлек - 2015» кәсіби бағдарланған білім беру көрмесін ұйымдастырды: кәсіби бағдар беру және оқушыларды жұмыс кәсіптеріне, инженерлік – техникалық саладағы  және медицина мамандықтарына дайындау.

Біз, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің студенттері  Н.А. Акимбекова 3-006 ҚДС, К.М. Дюсебаева 3-008 ҚДС,  Н.А. Мухамеджанова 3-008 ҚДС, А.С. Жасубиева  3-008 ҚДС, А.Т. Кабдушева  5-005 ҚДС, Д.С. Токашева 4-006 ҚДС, Ж.М. Куаныш 3-005 ҚДС, Д.У.  Оспанов  5-002 МПІ, Г.Ж. Макашева 5-005 ҚДС, Г.Ж. Абдуллаева 5-005 ҚДС  университеттің басшылығына аталған іс – шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Аталмыш іс – шарада біз жоғары сынып оқушыларына олардың жеке қасиеттері мен қызығушылықтарына қарай мамандық таңдауға көмектесіп, біздің университет факультеттерінің ерекешеліктерін түсіндіріп өттік.

Сонымен бірге, осы күні ҚММУ, ҚарМТУ, колледждер, Аймақтың кәсіпкерлер палатасы және Халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен мәжіліс – семинары өтті.

Осыған орай, заманауи жағдайларда жүргізілген сапалы мақсатты бағытталған кәсіби бағдарланған жұмыс талапкерге болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмек береді деген қорытынды шығаруға болады.

Акимбекова Нургуль,

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3-006 топ студенті


0
18818

пікірлер

пікір қалдыру үшін.