Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ақжүніс» пен «Қаракөз» шеберлік сабағын өткізді

«Ақжүніс» пен «Қаракөз» шеберлік сабағын өткізді

22 Қаңтар 2015

Біздің университетімізде «Қаракөз» атты халық ансамблі бұрыннан ұйымдастырылғаны бәріне мәлім. «Ақжүніс» ұйымының қыздары би ансамблі мастер класына қатысты.

Біздің университетте би топтарының ішінде «Қаракөз» ансамблі би ұжымдарының ең мықтысы. Олар бізді қонаққа шақыра отырып, өздерінің би дағдыларын және шеберліктерін көрсетіп дәлелдей алды.

Біз өзіміздің сабағымызды жаттығудан бастадық.Содан кейін бидің түрлерін көрсете отырып, бізге билердің қыр-сырын көрсете бастады. Біздің қыздардың бидегі ерекшеліктерін, яғни ынта-ықыласын, қозғалысын байқай отырып би тобының жетекшісі, хореограф Қосыбаева Меруерт Ержанқызы бимен әрі қарай шұғылданам деген қыздарды «Қаракөз» ансамбліне шақырды.

Біздің қыздарымыздың көбі келісіп шын ниетімен осы ансамбльде бимен айналысып, бидің ерекшілігін меңгеріп, қатысқандарына өкінбейді. Мастер кластың соңында біздің клубымыздың төрайымы Оспанова Динара Тулеувна барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, «Ақжүніс» ұйымы туралы түсіндірді және де болашақта жұмысымызды жемісті болуын тіледі.

Сәрсенбек Мөлдір, ЖМ  2-022 топ


0
19085

пікірлер

пікір қалдыру үшін.