Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ректормен кездесу

Ректормен кездесу

20 Қаңтар 2015

                   

30- желтоқсанда, жаңа жылдың қарсаңында, ҚММУ ректоры  Р.С. Досмағамбетова көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшілерімен  дәстүрлі кездесуін өткізді. Алғаш рет отырысқа спорт секциясының жетекшілері шақырылды. 

Салтанатты іс-шара Т және ӘЖБ басшы орынбасары Ф.А. Батировтың әсерлі таныстыруымен басталды, таныстыру барысында ол қатысып отырғандарды ҚММУ секциялары және үйірмелерінің жұмысы, олардың жетістіктері жайлы қысқаша айтып өтті, сонымен қатар көркемөнерпаздар үйірмесі және спорт секцияларының жетекшілерімен таныстырды.

Одан кейін Раушан Сұлтанқызы барлығын алдағы жаңа жылмен құттықтады және үздік жаттықтырушылар мен жетекшілерге жоо символкикасымен естелік сыйлықтарды сыйлады. Осы кеште барлық жетекшілерге жақсы және жағымды тілектер айтылды.

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін жиналғандардың атынан домбра оркестрінің мүшесі Телманов Айдын (1-011 ЖМ) Құрманғазының «Адай» күйін, ал бірінші курс студенті Керімбаева Алтынай (1-039 ЖМ) скрипкада қазақ халқының  өлеңдерінен попурри тартып берді. Сонымен қатар университет басшылығына ҚММУ ғимаратының көрінісі бейнеленген 2015- жылғы естелік күнтізбесі тарту етілді.

Жұмаділова Жібек,

3-016 ЖМ топ студенті,

Театр өнері үйірмесінің жетекшісі.


0
19726

пікірлер

пікір қалдыру үшін.