Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат....

Табиғатқа саяхат....

13 Қаңтар 2015

27.12.2014ж. сенбі күні жыл сайын өткізілетін шаңғы серуені биыл да өткізілді. Қарағанды қаласының Оңтүстік Шығыс қарлы беткей даласына «Жалпы медицина» мамандығының 2-6 курс студенттері- тарих үйірмесінің, сонымен қатар белсенді демалыс қатысушылары бет алды. Осы серуенге жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары Алия Ибрагимовна Такуадина мен Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы Бахыт Баяновна Рысбекова және №3 емхананың лор-дәрігері, офтальмология мен отоларингология кафедрасының оқытушысы Сауле Мухаметкалиевна Садыкова белсене қатысты.

Ауа райы да бізге өзінің сыйын алдын ала дайындаған секілді: серуеннің басындағы күн райы бара-бара қарлы боранмен ұласты. Бірақ, артқа қайтар жол жоқ. Шаңғымызды тіктеп омпы қармен алға беттедік. Қарсы соққан аязды дала желіне қарсы төтеп, боранды қармен арпалысып серуенімізді жалғастырдық. Дала өзені мен жоғары белестердің маңайын маңайлап, біз жоғары жартасқа көтерілдік. Әрине, жоғарыда бізді төменде «қарсы алған» қарлы желдің күшейгенін байқадық, бірақ мұның бәрі жоғары шыңнан көрген көрінісімізге теңеспейді: көкжиекке дейін қар басқан аппақ даланы суық сәулемен нәрлендірген бұлттар арасынан көрінген күн сәулесі, әрине, бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Табиғаттың салған суреті, жанымызға жан жылуын сыйлады. Таудың ең биік шыңында жел аяғымыздан шалса да, біз ойымызды іске асырдық; аспанға жасыл зымыранды ұшырдық- бұл серуен жақсы аяқталды деген ұғымды білдіреді. Біздің Алия Ибрагимовна мен Бахыт Баяновна- нәзік жас келіншектер, қыстың боранды желі мен аязды ауа райына мойымай, өздерінің жігері мен еріктерін көрсете білді, яғни осы мінездерімен басқа қатысушыларға үлгі бола алды. Әрине омпы қарға құлау, жаңа әсерден алған қуанышты күлкілерсіз де болмады.

Кері қайтар жолда шартты «мәреге» жақындай бергенде біз көп күттірген көгілдір ашық аспанды да көре алдық Университетіміздің бөлген «газелінде», жылы жерде біз бір-бірімізбен осы серуеннен алған әсерімізбен, қуанышымызбен бөлістік. Осындай табиғи серуендер әлі де өз жалғасын табар деген үмітпен серуенімізді аяқтадық.

А.Б. Долгополов  Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының

аға оқытушысы   

М.С.Жакентаева Жалпы медицина және стоматология

факультетінің декан орынбасары 

0
18824

пікірлер

пікір қалдыру үшін.