Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ауруханалық сайқымазақтар

Ауруханалық сайқымазақтар

12 Қаңтар 2015

2015 жылдың қарсаңында «Феликс дәрігер» жоспары шеңберінде студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі театр үйірмесімен бірлесіп «Ауруханалық сайқымазақтар» қайырымдылық акциясын дайындады.

«Ауруханалық сайқымазақтар» қозғалысы - балаларды ауруханалық сайқымазақтар көмегімен позитивті эмоцияларды қалыптастыру,  дәрілердің көмегінсіз, жүйелі түрде сауықтырудағы жас  бағыт. Күрделі аурумен науқастанған балаларды сауықтырудың осы түрі барлық әлемде кеңінен қолданылып келеді. Осы әдіс балалардың көңіл-күйлеріне жағымды әсер ететіндігі ғылыми дәлелденген. Мысалға, Ресейде балалар бөлімінде ауруханалық сайқымазақтардың әсер етуінен елдердің жетекші медициналық мекемелердің құрамына кірді.

«Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КММ балалар бөлімінің емделушілерін дәстүрлі Аяз ата (Мотохов Иван 4-093 ЖМ) Ақша қармен (Жұмаділова Жібек 3-016 ЖМ), сонымен қатар қазақ халқы ертегілерінің сүйікті кейіпкері – Тазша бала (Мұсабаев Ерсайын 3-012 ЖМ)болып қайтты. Кішкентай емделушілер Аяз ата және көрікті Ақша қардың келгеніне қуанды,ал күлімдеген Тазша-бала барлықтарының сүйіктісіне айналды. Балалар көңілділердің әрекетіне шын көңілмен күлді. Аяз атаға дәстүрлі тақпақтар айтудан тыс қалмады. Балалар тақпақтар айтты, ән салды, биледі және әр бала қайырымды Аяз атадан өз жаңажылдық сыйлықтарын алды. Балалар ертегі кейіпкерлерін жібергілері келмеді, және Аяз ата оларға келесі жылы міндетті түрде келетіндіне уәде берді, ал балалар ауырмауға уәде берді.

Ешкім де Аяз ата, Ақша қардың және тентек Тазшаның да назарынан тыс қалмады. Бөлімдегі әрбір баламен естелікке жеке фото түсірілді. Барлық балалар жағымды эмоциялар, сергектік және өздерінің ертегілерінен үзінділерін алды, олардың жалпы хал-жағдайларының жақсартындығына сенеміз.

Жұмаділова Жібек,

3-016 ЖМ топ студенті,

театр өнері үйірмесінің жетекшісі.


0
18894

пікірлер

пікір қалдыру үшін.