Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үлкен отбасыға кішкентай қуаныш

Үлкен отбасыға кішкентай қуаныш

08 Қаңтар 2015

25.12.14 ҚММУ медициналық колледжінің бірінші курс білім алушылары “Шапағат” балалар  үйіне  мерекелік бағдарламамен барды. Балалар үйіне барудың негізгі мақсаты: ата - анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге назар аударып,  аз да болсын қуаныш сыйлау, әрбір жеке  баланың маңыздылығын көрсету.

Осындай балаларға шынайы ықыласпен қуаныш сыйлау үшін, білім алушылар бұл іс-шараға барша күшін салып дайындалған еді. Мерекелік бағдарламада әртүрлі әндер орындалып, би биленіп, кішігірім қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, колледж атынан бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар сыйланып одан әрі қуанышқа бөленді. Мерекелік бағдарлама өз деңгейінде қызықты өтті. Бағдарлама барысында олар балалармен бір отбасы сияқты болып, жанұяның жылулығын сыйлады, тіпті тәрбиешілердің өзі де бірге ойын ойнап, ән салды. Бүлдіршіндердің аяз атаға тақпақтар айтып, жаңа жылдық әндерге қуана билегендерін көріп, оларға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Көздері нұрланып ойындарға қызығып аз да болсын шаттыққа бөленген бүлдіршіндерге қарап, білім алушылар өздерін осы үлкен және тату отбасының бір мүшесіндей сезініп, қимай қоштасты. 



0
18941

пікірлер

пікір қалдыру үшін.