Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

23 Желтоқсан 2014

15.12.2014  ж  №2  Ішкі аурулар  кафедрасында таңғы конференция кезінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған 5В130100 Жалпы медицина мамандығының 6 курс интерн-терапевтерінің ұйымдастыруымен  мерекелік шара өтті. Мерекелік бағдарламаны жүргізушілер 6-036 топ  интерн-терпевтi А.Касымова, 6-048 топ Р.Ильясов және 6-035 топ А.Кусенова Қазақстан Республикасының  әнұранымен және тәуелсіздіктің  құрылуына арналған бейнероликпен бастады.

Бағдарлама оқытушылар мен студенттер қатысуымен сұрақ-жауап сайысы ,6 курс интерн-терапевт Л.А Сиськова «Елбасымен  сұхбат» атты өзінің шығармашылығымен және 4,6 және 7-курс арасындағы зияткерлік ойынымен  жалғасты. Тартысты сайыста өзінің білімі және тапқырлығы арқасында 4-курс студенттері  басып озды.

Мерекелік бағдарламаны кафедра  меңгерушісі Елена Михайловна  Ларюшина  құттықтаумен аяқтап,бұл күннің ел тарихында маңызы зор екенін  атап өтті.




0
18177

пікірлер

пікір қалдыру үшін.