Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы»

«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы»

22 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 9-10 - желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының жас ғалым кеңесі және Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ұйымдастыруымен «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты Екінші халықаралық конференция өтті.

Конференция барысында жас ғалымдар зерттеулерінің арасындағы қолайлы және ыңғайлы іс - әрекетті нығайтуға елеулі көңіл бөлінді. Биология, медицина және фармация облысындағы заманауи зерттеулердің өзекті мәселелерінің бағыттары талқыланды.

Конференцияның ашылу салтанаты ОҚМФА ректоры,  м.ғ.д., профессор Б.Д.Сексенбаевқа берілді.

Конференцияға Астана медицина университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік  медицина университеті, Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Х.А.Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жас ғалымдары мен студенттері қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 1PhD докторант, 2 интерн және 9 студент қатысты. Олардың арасында  үшеуі (PhD докторант А.К.Изденов,  қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3-курс студенті А.Серик және жалпы медицина мамандығының 2-курс студенті Ж.Курманбаева) «Ең үздік баяндама» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар (Б.С.Ибраев, К.К.Кабдулина, Ж.Сагтаганов, А.Бигубаева, Д.Алпысбаев, А.Аманжолова, А.Б.Жүнис, Г.Б. Түймебаева, Е.С.Алдунгаров) баяндама оқып, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Осындай конференцияларда қатысуға мүмкіндік беретін біздің университет ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Ибраев Батыржан

Жалпы медицина мамандығының

3-027 топ студенті


0
19081

пікірлер

пікір қалдыру үшін.