Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей Ұлттық фтизиатрлар қауымдастығының III Конгрессі.

Ресей Ұлттық фтизиатрлар қауымдастығының III Конгрессі.

18 Желтоқсан 2014

27-29 қарашада Санкт-Петербургта Ұлттық фтизиаторлар қауымдастығының халықаралық қатысушылармен  III «Фтизиатрия дамуының заманауи бағыттары: туберкулезге қарсы күрестің тәжірибелік және ғылыми өңдеуі» конгресі өтті. Фтизиатриядағы пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлінді. Конгресс аясында фтизиатрияның өзекті мәселелері бойынша  Ұлыбританиядан, Сингапурдан, Үндістаннан, Германиядан, АҚШ-тан, Латвия және ТМД мемлекеттерінен: Белорусия, Қырғызстан және Өзбекстаннан  хабарламалар ұсынылды.

Конгрестің күн тәртібі бойынша фтизиатрияның әр-түрлі мәселесіне  арналған мектептер ұйымдастырылды: «Өкпенің диссемирленген ауруларының патоморфологиясы және жіктелуі», «Фтизиатриядағы этиологиялық диагностиканың сапасын басқару»,  «АИтВ- инфекциясы науқастарына туберкулезге қарсы көмек ұйымдастыру», «Фтизиатриядағы заманауи ақпараттық технологиялар» және басқалар.

Екінші күні Ресей Ұлттық фтизиаторлар қауымдастығының халықаралық қатысушыларменIII конгрессінің ашылуына байланысты салтанатты гала-кеш өткізілді,  бағдарлама бойынша баяндамалар ұсынылды «РФ туберкулезге қарсы бағдарламалар: қорытындылары және болашағы». Ресей Ұлттық фтизиаторлар қауымдастығының Президенті, РФ ДСМ торокальді хирургия және фтизиатрия бойынша бас маман, Санкт-Петербург фтизиопульманология ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор  П.К. Яблонский сөз алды.

Ғылыми конгрестің жұмысы аясында біздің университеттен патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор М.М.Түсіпбекова ауызша баяндама жасады және кафедра резиденттері Л.М.Стабаева, Г.Н.Иманбаева қатысып қабырғалық баяндамалар ұсынды. Ресей Ұлттық фтизиаторлар қауымдастығыныңIII конгресінің жабылуы бойынша ғылыми форумның қорытындылары жасалып, фтизиопульманологияның даму болашағы қарастырылды, қатысушыларға сертификат берілді.

Патологиялық анатомия кафедрасының резиденттері

Л.М.Стабаева, Г.Н. Иманбаева


0
18582

пікірлер

пікір қалдыру үшін.