Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Бірге таланттымыз " ҚММУ медициналық колледжінде

"Бірге таланттымыз " ҚММУ медициналық колледжінде

18 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 5-желтоқсанында ҚММУ медициналық колледж директорының ТЖ жөніндегі орынбасары А.А. Унгарбаева, педагог-психолог Д.А. Искакова және колледждің СӨЖК ұйымдастырған «Бірге таланттымыз» атты сайысы өтті. Сайысты өткізудің негізгі мақсаты - жастардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттіліктерін және танымдық белсенділіктерін ашу және дамыту, сахнада өзін-өзі ұстаудың эстетикалық нормаларын тәрбиелеу болып табылады.

Сайыс бағдарламасының қатысушылары болып 1-3-курс оқушыларының қатысуымен 7 жұп тағайындалған. Сайыс бағдарламасы өте мазмұнды және әр түрлі жанрда болды. Сайыскерлерді білікті әділқазылар алқасы бағалады.

Колледждің талантты оқушылары сайыс барысында іс-шараның сайыскерлері мен көрермендерін өз өнерлерімен баурап алды.

Жеңімпаздар номинациялар бойынша төмендегідей анықталды:

1-орын –4 нөмірлі жұп: Махмудкулова Мадина және Абдуалиев Нурғиса;

2-орын – 5 нөмірлі жұп: Лавров Антон және ДадобоеваМехрафруз;

3-орын – 3 нөмірлі жұп: Жалғасов Тимур және Максутова Дана.

Сонымен қатар іс-шараның соңында қалған сайыскерлер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.Б. Нупилова, И.С. Ким

ҚММУ медициналық колледжінің оқытушылары


0
18456

пікірлер

пікір қалдыру үшін.