Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Елбасы- ел мақтанышы»

«Елбасы- ел мақтанышы»

15 Желтоқсан 2014

Қараша айының 29-жұлдызында №1 жатақханада анатомия кафедрасы оқытушыларының жалпы медицина және стоматология факультетінің І курс студенттерімен  кездесуі өтті. Кездесу  1- желтоқсан күні аталып өтетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды. Кездесу «Елбасы- ел мақтанышы» ұранымен өтті.

Кездесуді келесі оқытушылар өткізді: декан орынбасары Д.Т Оспанованың қатысуымен Н.Н.Наурызов,Р.Т.Карибжанова, Г.Б.Шапатова, Б.С.Кусаинова, А.К.Тышканбаева,А.Г.Авдонина,И.А.Агаркова,Е.Х.Батяева,С.Н.Шайкина,

Г.Қ.Тулеуова. Студенттер Тұңғыш Президенттің өмірбаяны мен  еңбек жолына арналған баяндамалар дайындады.

Жалпы медицина және стоматология  факультетінің  І курс студенттері: Хайрулла Қымбат -1040-топ, Шалғынбай Гүлдана -1041-топ, Президенттің бала күнінен данаға айналған уақытындағы жүріп өткен өмір жолы жайлы  кеңірек мәліметтер айтып өтті.

Жалпы медицина және стоматология  факультетінің 1039-топ  студенті Нұрқайдарова Гүлден  Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жыл сайын жолдайтын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауын баяндады.

Осындай атаулы күн ел болашағы-жастар арасында «Елбасы- ел мақтанышы» ұранымен өтті. Студенттер Елбасының өмірбаяны туралы жаңа мағлұматтар алды.


0
18360

пікірлер

пікір қалдыру үшін.