Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасындаы ЖИТС туралы көкейтесті сұрақ

Қазақстан Республикасындаы ЖИТС туралы көкейтесті сұрақ

12 Желтоқсан 2014

  Ағымдағы жылдың 27 қараша күні ҚММУ негізгі корпусында № 301 дәрісханасында СӨӨБК ҚММУ ғылыми секторының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық ЖИТС профилактикасы және күрес орталығының бөлім меңгерушісі Тулекбаева Нағима Таштайқызымен «Қазақстан Республикасындағы ЖИТС туралы көкейтесті сұрақ» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты ҚММУ стундеттер мен қызметкерлерінің ЖИТС туралы білім деңгейлерін қалай көтеру,оның емі,Қазақстандағы ЖИТС ауруымен ауыратын жандармен толеранттылықты сақтау болды.

Дөңгелек үстел модераторлары Мұсаханов Бекболат және Исақ Жасұлан ақпараттық слайд пен бейнеролик көрсетті,осының барысында ЖИТС туралы барлық және негізгі аспектілерді қамтыды.Студенттер тек қана ғылыми  жағынан емес сонымен қатар шығармашылық өнерлерін де көрсетті.ҚММУ медициналық колледжінің білім алушысы Бейбітбекова Назерке өз шығармашылығынан өлең оқыды,ал Абдраманов Аят ЖИТС ауруына шалдыққан жанның мұңын жырлады.Дөңгелек  үстел қонағы Нағима Таштайқызы осы аурудың қандай қауіпті екенін айтты және аурудың Қазақстанда пайда болуы,дәрігерлердің аурудың тұңғыш пайда болуына күресу жолдары туралы айтты.Нағима Таштайқызының сөздеріне ерекше әсер беретін жылдар бойы жинаған тәжірибесіндегі нақты факттар болды.Дөңгелек үстел қонақтарының мағлұматтарын жалғастыра отырып Айжан Хамзина «Қазақстандағы ЖИТС» профилактасын,онымен күресу және жұғу жолдары туралы ақпараттарды қамтыған баяндама оқыды.Дөңгелек үстел қорытындысын СӨӨБК ҚММУ ғылыми секторының басшысы  Темирлан Саматов,тағы бір рет осы бір айықпас дерттің маңыздылығын болашақ дәрігерлерге түсіндіріп өтті.

Исақ Жасұлан

Мұсаханов Бекболат

СӨӨБК ҚММУ ғылыми сектор мүшелері


0
19080

пікірлер

пікір қалдыру үшін.