Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ

Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ

11 Желтоқсан 2014

  2014 жылдың 2-желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік медициналық  университеті қазақ тілі кафедрасының  доценті, ф.ғ.к. С.Ж.Шахина МПІ-1003-тобында қазақ тілі пәнінен «Қымыздың емдік қасиеттері» атты ашық сабақ өткізді.

  Ашық сабаққа ҚММУ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Р. А.Айкенова, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.  Ә. Б. Насырова,  Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. З. Н. Жуынтаева, ҚММУ медициналық білім беру бөлімінің оқытушысы  А. А. Аубакирова, жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Д.Т. Оспанова және қазақ тілі  кафедрасының оқытушылары мен магистрлері  қатысты.

  Ашық сабақ қазіргі оқыту үрдісіндегі талапқа сай жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі негізінде жүргізілді. Оқытушы  жаңа сабақ мақсатына тоқталып, сабақ барысында студенттермен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарымен таныстырды. Осы орайда, «Қымыздың емдік қасиеттері» атты аудиомәтін тыңдалып, орысшаға аударылды, ойын әдісі пайдаланылып, студенттер тест сұрақтарына жауап берді. Келесі кезекте сабақ тақырыбына қатысты бейнекөрсетілімдер бойынша тіл ұстарту жұмыстары жүргізіліп, топ студенттері түрлі лексика-грамматикалық  және жағдаяттық тапсырмаларды орындап, шағын көрініс көрсетті. Сабаққа қорытынды жасалып, студенттер білімдеріне баға қойылды. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті. 

  ҚММУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к Ә.Б.Насырова


0
18729

пікірлер

пікір қалдыру үшін.