Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біріншілердің алдында болу !!!

Біріншілердің алдында болу !!!

11 Желтоқсан 2014

28.11.2014 ж., Қарағанды мемлекеттік индустриальды университетінде жыл сайын өткізілетін студенттердің V Республикалық «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері» атты ғылыми – тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияның 170 қатысушысының ішінен «Исследование влияния сотовых телефонов на здоровье человека» тақырыбында баяндама оқыған ҚММУ  «Жалпы медицина» мамандығының 3 - курс 3083 тобының студенті Расулова Азами 1- орынға ие болды.

Бұл жұмыс адам ағзасына ұялы телефонның электромагнитті сәулесінің зиянды әсері туралы қазіргі заманның өзекті мәселесін аша білген гистология кафедрасының оқытушысы Хохлова Юлия Анатольевнаның жетекшілігімен орындалды. ҚММУ студенттік жастар арасында Азами өздігінен анкета жүргізіп, қорытындысын өз жұмысында көрсетті.

Бұл Азамидің бірінші жеңісі емес. Ол үнемі көптеген ғылыми – тәжірбиелік конференцияларға қатысып бірнеше рет жеңімпаз болды. Азамиді құттықтап оған шығармашылық табыс тілейміз!

Гистология кафедрасы


0
18468

пікірлер

пікір қалдыру үшін.