Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалықсеминар-тренинг

Республикалықсеминар-тренинг

26 Қараша 2014

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті «Жастар ұйымдарының қызметтерін консалтингтік қолдау бойынша іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асырады.

Жоба аясында 14-15-қарашадаАстана қ.студенттік жастар ұйымдарының және студенттік өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша республикалық семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мақсатты топтармен тиімді жұмысын жүргізу және студенттік жастар ұйымдарының және студенттік өзін-өзі басқару өкілдерінің біліктілігін арттыру.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін Қазақстан медицина жастарының жергілікті комитетінің төрағасы және СӨӨБК оқу секторының төраға орынбасары Ибраев Батыржан Сабырханұлы көрсетті.

Іс-шараның бірінші күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде өтті. Семинар-тренингті осы жоо-ның жастар саясаты орталығының төрағасы өткізді.

Бірінші күн аяқталарда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңес мүшелерімен, ҚР Білім және ғылым вице-министрімен, ҚР Мәжіліс Парламенті депутаты Абенов Мұрат Абдуламитұлымен, «Қазақстан КТК одағы» президенті  Баймуханбетов Елеукен Есенмен және ҚР жастар конгрессінің директор орынбасары  Дуйшенов Ғани Сұлтанұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында әр түрлі сұрақтар қарастырылды.

Екінші күн «Аstana mall» СОО-нің  «Multispace» коворкингінде өтті. Осында «Зерайна» интеллектуалды ойын өткізілді.

Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында экскурсия өткізілді.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

БатыржанИбраев

KazMSA (Kazakhstan Medical Students Association)

ҚММУ жергілікті комитетінің төрағасы


0
18228

пікірлер

пікір қалдыру үшін.