Денсаулық сақтау бойынша халықаралық студенттік конференция (ICHAS 2014)
Маған 24-25 қазанда Дублинде (Ирландия) өткен, Ирландиядағы (RCSI) Хиургия Корольдік колледжі базасында болған денсаулық сақтауға байланысты Халықаралық студенттік конференцияға(ICHAS 2014) қатысудың сирек мүмкіндігі түсті. Конференцияныңмақсаты – әр елдегі медициналық студенттер арасында өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін халықаралық дәрежеде көрсете білу. Меніңұсынған баяндамам «The prevalence of ESBL – microorganisms among students of South-Eastern Asia, livingin Kazakhstan», ол микроорганизмдерінің антибиотиалық-резистентті таралу мәселесіне қатысты. BioMedCentral платформасында жарияланатын болады.
Конференция қатысушылары Бразилия, Англия, Нидерланд, Ресей, Нигерия, Ирак, Қытай, Үндістан, БАЭ және Малайзия студенттері болды, олардың көпшілігі өз елдеріндегі RCSI базада оқиды, яғни Азия елдерінде колледждің филиалдары бар. Ирландиядағы Корольдік колледжі 1784 ж. негізін қалаған және оның тарихы мол. Соғыс жылдарында онда Наполеон әскеріне хирургтарды дайындаған. Қазір осында әртүрлі саладағы мамандарды дайындайды. Студенттер сияқты, Дублиннің жергілікті тұрғындары да өте ақкөңіл, сапайы және көңілді адамдар. Дублиннің өзі мені өзінің ашықтығымен, ал тұрғындары дәстүрімен және тарихқа деген құрметімен таң қалдырды.
2014ж. ICHAMS-қа бару мен үшін өте маңызды және ерекше тәжірибе болады.
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетоваға және менің ғылыми жетекшім А.В. Лавриненкоға, сонымен қатар И.С. Азизовның басшылығындағы ҰПЗ барлық ұжымына конференцияға қатысу мүмкіндігін бергендерi үшін алғыс білдіргім келеді.
С.И. Колесниченко 6-028 тобының интерні