Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Ұлт көшбасшысы қорының республикалық сайысының шәкіртақысының тағайындалуымен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Ұлт көшбасшысы қорының республикалық сайысының шәкіртақысының тағайындалуымен құттықтаймыз!

18 Қараша 2014

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Ұлт көшбасшысы қорының шәкіртақысы студенттердің  оқу,ғылыми және шығармашылық істегі қызметін көтермелеу  мақсатында берілетін  стипендия. Стипендия иегері  мемлекеттік грантта және де ақылы түрде оқитын студенттерге беріледі. Сайысқа оқуда үздік, қоғамдық, ғылыми- зерттеу, мәдени -кәсіби және тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысатын және оқытушылар мен замандастар арасында беделді студенттер қатыса алады. Сонымен қатар бірінші кезекте өздерінің баяндамаларын, жарияланымдарын (баспаларын), жүлделерін және т.б. жетістіктерін көрсете білетін  студенттерге тағайындалады. «Профилактикалық медицина, биология және фармация» факультетінің деканаты 5-008  топ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Арымбекова Асем Каниевнаны  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Ұлт көшбасшысы қорының республикалық сайсының жүлдегері болып шәкіртақы тағайындалуымен құттықтайды!

Хабит Асель проф.медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы.


0
20434

пікірлер

пікір қалдыру үшін.