Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ерлер арасындағы халықаралық чемпионат алдындағы жиын

Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ерлер арасындағы халықаралық чемпионат алдындағы жиын

14 Қараша 2014

  Қараша айының 3-8 аралығында Қарағанды облысы, Қаражал қаласында Қазақстан Республикасының дзюдо бойынша ерлер арасындағы  халықаралық чемпионат алдындағы оқу - тәжірибелік жиын өткізілді. Аталған жиынғапрофилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің медициналық - профилактикалық ісі мамандығының 2-ші курс студенті, дзюдодан спорт шеберіне үміткер, Қарағанды облысының құрама командасының мүшесі Ұзақбаев Нұржан қатысты.

  Сонымен қатар Ұзақбаев Нұржан Қаражал қаласындағы №7 мектепке барып, мектепте жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп, біздің университет туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Соның арқасында біздің университетке түсуге  ниет білдірушілер арта түсті.

Хабит Асель

Профилактикалық медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы



0
19480

пікірлер

пікір қалдыру үшін.