Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
КВН фестивалі

КВН фестивалі

13 Қараша 2014

  2014 жылдың 28-29 қазанында С.Сейфуллин атындығы облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан КТК Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогыне арналған «Жаңа маусымның ашылу фестивалі» болып өтті.

  Фестивальдың алғашқы күні Орталық Қазақстанның белді командалары және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Күлкі терапиясы» КТК  командасы өнер көрсетті.

«Сәлемдесу» бөлімінде еліміздегі және әлемдегі жаңалықтар тақырыбын ортаға салды, «Биатлонда» бір-бірімен әртүрлі көңілді жаңалықтармен бөлісті және «Үй тапсырмасы» конкурсында тапқырлыққа сайысты.

Ойын қорытындысы бойынша, «ЖасStar» «Политехтің» балалары жеңімпаз атанды, «Күлкі терапиясы» екінші орынды иеленді және үшінші орынға Болашақ университетінің «Болашақ VIP» командасы тұрақтады.

Келесі күні, қазан айының 29 – жұлдызында қатысқан 17 команда арасында алғаш рет ҚММУ-дің «Әзіл синдромы» жаңа құрама командасы да өнер көрсетті. Жаңа ойыншылардың әзілдері көрермендерді бей-жай қалдырмады және көпшілік жылы қабылдады.

Фестивальдың екінші күнінің қорытындысы бойынша «Болашағы бар!» жеңімпаз – команда атанды, 2 - орынды «Нағыз достар» және 3 - орынды «Әзіл синдромы» иеленді.

Өздерінің ойындарымен жағымды әсер қалдырған «Әзіл синдромы» командасына әрі қарай жетістіктер, сонымен қатар «Күлкі терапиясы» командасының  аға буын жолдастары жеткен жетістіктерге жетуді тілейміз.

 

4-001 ҚДС топ студенті Хусанов Нұрсұлтан


0
19342

пікірлер

пікір қалдыру үшін.