Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан – зайырлы мемлекет

Қазақстан – зайырлы мемлекет

12 Қараша 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жүйелі түрде діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. Кезекті студенттермен кездесу 29.10.2014ж. № 2 жатақхананың акт залында өтті. Кездесу тәрбие жұмысы жөніндегі кеңестің Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша комиссия ұйымдастырды. Ақпараттық-насихаттау тобының құрамына ҚММУ ректорының көмекшісі Архимед Өмірзақұлы Саухымов, «Конфессия аралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» ҚММ теологы Қаршыға Байбекұлы Жанабаев, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясының төрағасы Толғанай Вагизқызы Мустафина кірді.

Т.В.Мустафина сөз сөйлегенде студенттерге жастардың 100%-дық қамтумен мемлекет халқына радикалды діни ағымдар ықпалының алдын алу бойынша өткізіліп жүрген жұмыстар 2013-2017 ж.ж. діни экстремизм және терроризммен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламасы негізі екенін және бағдарлама туралы ақпаратпен таныстырды.

Теолог Қ.Б.Жанабаев өз сөзінде студенттерін назарын қазақ халықының дәстүрлі құндылықтарына аударды, Қазақстан Республикасында тұрақты конфессия аралық және ұлтаралық қатынастардың негізгі тұстарын түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер «салаф», «ваххабизм», «джихад» түсініктеріне, шайқасты жерлерге барған жерлестеріміздің себептеріне байланысты сұрақтар қойды. Студенттердің осындай жат қылықтарға барудың себептері өмірді дұрыс қабылдамау, діни ойлар туралы бұрыс түсінік беру, қазақстан халқының діліне жат шетелдік идеологияның ықпалы жайлы түсіндірілді.

Кездесу қорытындысында студенттердің назары Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі негізгі құндылықтарына назар аударылды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесінің

діни экстремизм мен терроризмнің

алдын алу бойынша комиссиясы


0
19269

пікірлер

пікір қалдыру үшін.