Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А. К. К. Қ. (Ардагерлерге күтім және серік қажет)

А. К. К. Қ. (Ардагерлерге күтім және серік қажет)

11 Қараша 2014

Соғыс ардагерлері - ерекше жандар. Адамзат тарихында ең жаман соғысты бастан кешірген жандарға біздің қарым - қатынасымыз ерекше.  Кәрілік ешкімді  аямайды демекші, жыл сайын олардың саны азаюда. Бірақ осы кәрілікті лайықты өткізу, біздің қолымызда. Кәрі адамға тек қана жеке бас гигиенасы және тамақтануда көмек керек деген үлкен қателік. Оларға ең бастысы әңгімелесу екендігін түсіну қажет.  Бар уақытын төрт қабырғалы үйде өткізетін сіздің егде жастағы туысыңыз немесе көрші соғыс ардагері өзін тек қана тірі жан ғана емес, сонымен қатар қоғамның толық мүшесі ретінде болғысы келеді.

Соғыс ол әрқашанда жан түршігерлік оқиға. Біз оларға өтелмейтін қарыздармыз және  олардың өмірін барынша қуанышты және жағымды етуге тырысуымыз қажет. Соғысты басынан кешірген жандар әрқашанда жағымды қарым - қатынасқа зәру. Осыған орай ҚММУ студенттері соғыс ардагерлеріне күтім жасау борышын өтеуде. Осы жолы біздің еріктілер Ажмухамбетов Корган Ажмухамбетович, Байарстанова Кадиркеш Абильдиновна, Бюль Эгона Владимирович, Алькенова Умут Султановна, Коваленко Екатерина Лукинишны, Мусатова Галина Никитичны, Рычкова Тамара Викторовна, Сейсембекова Майра Зейнулловна, Тусбаев Галым Тузбаевич және Донбаева Шарбат Зигениевна үйлеріне барып қайтты.

Университет кәсіподағы ардагердің әрқайсысын күнделікті тағаммен және деликатеспен қамтамасыз етті. Егде жастағы адамдар көңіл аударғанымызға қуанып, жылылықпен жауап қайтарды. Достық шәй ішу үстінде студенттер ардагерлердің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі еңбек жолдарымен танысты. Еңбек сіңірген ардагерлердің жас ұрпақпен әңгімелесуге деген ықыласы мол екендігі көрініп тұрды. Кездесу үстіндегі ардагерлердің кәріліктеріне қарамастан жаны жайсан және келешек ұрпаққа берер ақылы мол екендігіне еріктілер әсерімен бөлісті. 

Жанас Баймағамбет

ҚММУ ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
18910

пікірлер

пікір қалдыру үшін.