Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттерінің «Талапты ақыл» атты жоо аралық интеллектуалды ойынға қатысуы

ҚММУ студенттерінің «Талапты ақыл» атты жоо аралық интеллектуалды ойынға қатысуы

31 Қазан 2014

2014 жылдың 28 қазанында Қарағанды мемлекеттік  медицина университетінің студенттері Аминова Әсем (1-073 ЖМ), Досжанов Темирлан (1-004 СТОМ) және Кусаинов Санжар (1-085 ЖМ) «Талапты ақыл» атты 1- курс тілдік емес мамандықтарының студенттері арасында жоо аралық ағылшын тілінде өткен интеллектуалдық ойынға қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ойын «Көптілділік – заманауи тұлғаның қалыптасу негізі ретінде» атты жоба щеңберінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің шет тілдер кафедрасымен өткізілді.

Байқау үш кезеңнен тұрды: «Топтың таныстыруы», «Өз ойыны» және «Капитандар байқауы». Ойын барысында қатысушылар топты шығармашылық үлгіде таныстырды, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді және топтың капитаны ағылшын тілінде түсіндірілген терминдерді тапты (ҚММУ тобының капитаны – Досжанов Темирлан). Студенттерді шет тілдер кафедрасының оқытушысы О.И. Левина дайындады.


0
18842

пікірлер

пікір қалдыру үшін.