Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ мамандығы «Медициналық-профилактикалық іс» бойынша 2-001 топ студенттерінің «Мұрагер» дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың 11 «а» сынып түлектерімен кездесуі

ҚММУ мамандығы «Медициналық-профилактикалық іс» бойынша 2-001 топ студенттерінің «Мұрагер» дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың 11 «а» сынып түлектерімен кездесуі

31 Қазан 2014

28 қазан 2014ж. ҚММУ 2-001 МПІ студенттері куратор Шайхина Жанат Кабдуллаевнаның жетекшілігімен   «Мұрагер» дарынды балаларға  арналған облыстық арнайы мектеп-интернат түлектерімен 11 «а» сыныппен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргіздік.

  Мектеп оқушыларына ҚММУ-дың «Профилактикалық медицина, биология, фармация» факультеттерінде оқу туралы ақпарат берілді. Біз мамандықтар бойынша (жоғары білім), жоғарғы оқудан кейінгі мамандықтар (резидентура, магистратура, докторантура) және университет студенттерінің өмірі туралы әңгіме жүргіздік. Сонымен қатар әскери кафедра туралы және университеттің оқу үдерісі және оқытудың негізгі бейін бойынша сөз қозғалды.

Мектеп  оқушылары өте белсенді болып, көптеген сұрақтар қойды. Оларды ақылы негіздегі оқуға түсуге арналған  талапкерлердің емтихандары және 2014-2015 жылғы оқу грантына өтетін балдары қызықтырды. Оқу қиын ба? Қандай қиын пәндер бар? Студенттердің стипендиясы қанша?- деген сұрақтар қойылды. Кім «өте жақсы» оқыса, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және университеттің қоғамдық жұмыстарына қатысатын болса, сонда ғана жоғары стипендия алатындарын айттық. Студенттер өздерінің құпияларымен бөлісті. Студенттердің негізгі «құпиясы» - ол босансымау, барлығын уақытында жасау, сабақты босатпау, университеттің өміріне белсене араласу, тек сонда ғана студенттік өмірге уақыттың жетеді. Қорытындылай келе студенттер университет және факультеттің символикасымен таныстырды.

  Кәсіптік бағдар беру туралы кездесу өте қызықты және нәтижелі өтті.

 

ҚММУ МПІ 2-001 топ студенттері.


0
21097

пікірлер

пікір қалдыру үшін.