Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ардагерлермен кездесу

Ардагерлермен кездесу

29 Қазан 2014

«Келешек  үшін алғыспен.....»

21.10.2014 ж. сағ. 18:30  № 3 жатақханада  онкология кафедрасының доценті, біздің университетіміздің ардагері Тургунов Мейрам Байзрахмановичпен кездесу өтті. Бұл кездесуде ардагеріміз студенттерге өзінің өмірі жайлы, университеттегі оқуы мен еңбек қызметі жайлы әңгіме қылды.

Мейрам Байзрахманович университетіміздің бірінші студенттерінің бірі болды және кейінірек осы университеттің оқытушысы аталды. Сонымен қатар ол студенттерімізге  университетіміздің  бірінші ректоры П.М.Поспелов жайлы айтып берді. Мейрам Байзрахмановичтің әңгімесінен студенттер Петр Моисеевичтің қандай қайталанбас тұлға болғанын түсінді.

  Мейрам Байзрахманович дәрігер, медицина қызметкері болғандықтан, студенттерді салауатты өмір салтын қадағалауға үндеді. Оның әңгімесінен кейін студенттер асыға өз сұрақтарын қоя бастады. Ардагер әр студентті қызықтырған, толғандырған сұрақтарына қуана, құштарлықпен жауап берді. Мейрам Байзрахмановичпен танысу, пікірлесу студенттерімізді үлкен қуанышқа бөледі.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты

Декан орынбасарлары: 

Жакентаева Макпал Сабитовна

Такуадина Алия Ибрагимовна


0
18809

пікірлер

пікір қалдыру үшін.