Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Танысу күні

Танысу күні

29 Қазан 2014

Қазанның 25 жұлдызы, сенбі күні «Профилактикалық медицина, биология және фармация» факультетінің Студенттердің өзін-өзі басқару  комитеті, академиялық ұтқырлықпен басқа университеттерден келген студентермен бірінші курс студенттеріне арналған «Танысу күнін» өткізді. Студенттердің өзін-өзі баскару комитеті деканатпен бірге арнайы университет қонақтары мен бірінші курс студенттеріне дайындалған көңіл көтеру бағдармаласын дайындап, өткізді. Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларынан келген қонақтарды ең алғашқы сатыда кішігірім сынақтан өткізді, сынақ ережесі бойынша студенттер бір қатарға отырып, кішігірім допты қол көмегіне жүгінбей әрі қарай беруі қажет болған, қонақтарымыз бұл сынақтан сәтті өтті. Біздің факультеттің Студенттердің өзін-өзі басқару  комитеті презентация және бейнеролик арқылы қонақтарымызды біздің университетің тарихымен таныстырды. Біздің танысуымызды әрі қарай жалғастыру үшін қонатқармен бірге  бірінші курс студенттері, Студенттердің өзін-өзі басқару  комитеті және деканат өкілдерімен қоса көптеген көңіл көтеретін ойындар ұйымдастырылды.

Кездесуіміз өте жылы және қызықты өтті, кездесуге қатысушыладың  біздің университет туралы өте көп жаңа ақпарат біліп, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті тек қана Қазақстанның білім берудегі ең жақсы медициналық мекемесі емес, сонымен қатар әрқашан қонақтарды қарсы алуға дайын, қонақжай университет екені түсінікті болды. Өз кезегімде университет қонақтарымен, енді университет өміріне кірісіп келген бірінші курс студенттерімен танысқаныма қуаныштымын деп айта аламын. Кездесу барлық қатысушыларға пайдалы және қызықты болды деген ойдамын.

«Профилактикалық медицина,

биология және фармация»

факультетінің СӨӨБК төрайымының

орынбасары Жұлдыз Қуаныш


0
18476

пікірлер

пікір қалдыру үшін.