Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан медицина жастары ассоциациясы!

Қазақстан медицина жастары ассоциациясы!

24 Қазан 2014

17-18 күні елордамыз Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде Қазақстан медицина жастары қауымдастығының Екінші Ұлттық Ассамблеясы өтті. Ашылу салтанатында Ұлттық медицина холдингінің президенті Кен Алібек («Қазақстан медицинасының болашағы» дәріс сабағы), медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли («Назарбаев Университетіндегі медицина мектебі» дәріс сабағы), «Астана медицина университеті» АҚ жастар ісі жөніндегі деканы А.А. Нұрмұханов сөз сөйледі.

Ассамблея барысында шетелдік профессорлар мен докторлардың өткізуімен «Тайм менеджмент», «Дәрігер мен науқас арасындағы байланыс» және «Көшбасшы» деп аталатын тренингтер өтті. 

Екінші Ұлттық Ассамблея 8 Қазақстан жоо-нан медицина жастары қауымдастығының 55 мүшесі қатысуымен өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 6 курс студенті Сагтаганов Жаксыбек барып, ашық сайлауда жеті жергілікті комитеттің дауыс беруімен, Қазақстан медицина жастары қауымдастығының атқарушы комитет ішкі істер вице президенті ретінде сайланды.

Сонымен, 21-ші қазан күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жергілікті комитетінің жиналысы өтті. Жиын студенттердің өзін өзі басқару комитетінің төрағасы Рахметов Жандос, атқарушы комитеттің ішкі істер вице президенті Сағтағанов Жақсыбек және жергілікті комитеттің президенті міндетін атқарушы Ибраев Батыржанның ұйымдастыруымен өтті. Жиналыс өз кезегінде жоғары дәрежеде өтіп, алдағы атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылды.

Б.С. Ибраев

ҚММУ жергілікті комитеттінің президенті м.а.


0
19187

пікірлер

пікір қалдыру үшін.