Өзекті мәселе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХХI сессиясында айтылған ұсынысын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 26 қыркүйегінде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Вилен Борисович Молотов-Лучанский, Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Құдайберген Абайұлы Темірғалиев, оқытушылар - Е.Ж.Аубакирова, М.Е.Темірбекова, Н.А.Мингишева; шет тілдері кафедрасының оқытушысы О.Н. Сорокинаның; студенттік өзін – өзі басқару комитетінің өкілі, университетіміздің пікірталас клубының қатысушылары, Қарағанды қаласының жоо жастар ісі жөніндегі комитет өкілдерінің қатысуымен біздің университетімізде «Роль языка в создании межнационального согласия» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
«Болашақ» университетінің студенті, Сүлейменов Аян үш тілдікке қарсы ұстанымды пікірімен бөлісті. Дәрісхана көзқарасы екіге бөлінді: бір жағы Аянның ұстанымына және үш тілділікті қорғаған студенттер қазақ тілінің жоғалуына ешқандай қауіптің жоқтығын көрді. Біздің университетіміздің «Намыс» пікірталас клубының қазақ лигасының қатысушалары еліміздегі үш тілділікпен және қазақ тілінің басты рөлі туралы нақты сенімділік пікірлерімен бөлісті. Әрбір тілді жеткізушілерге өздерінің алдарына міндет қоя білу қажет: мемлекеттік тілдің дәріптелуіне жағдай жасау.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері және университеттің студенттік өзін – өзі басқару комитетінің студенттері осы пікірді қолдады.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университінен келген қонақтар Қазақстанның ойдағыдай дамуы үшін уақыт талабы бойынша үштілділік қажеттігі туралы ойларын білдірді.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушалар, үштілділіктің қажет екендігін, сонымен қатар әлемдік экономикалық қоғамда бірлесудің мүмкіндігін ағылшын тіл білімі ашатындығы туралы қорытындыға келді. Қазақ тілі туған тіл, ұлттардың бастапқы тілі, орыс тілі халықаралық араласу тілі, ал халықаралық, іскерлік араласу ағылшын тілі. Үш тілділікті енгізу туған тілді жоғалады деген негізсіз.
Дөңгелек үстелдің қатысушалары өзекті тақырыптарға жиірек кездесулер өткізуге келісті және ойларымен алмасты.
СӨӨБК ақпараттық секторы