Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бірінші Халықаралық «Студенттердің қимыл белсенділігі және денсаулық денгейі» жазғы ғылыми физиологиялық мектебі

Бірінші Халықаралық «Студенттердің қимыл белсенділігі және денсаулық денгейі» жазғы ғылыми физиологиялық мектебі

21 Шілде 2014

29.06.2014 ден 12.07.2014 аралығында ҚММУ физиология кафедрасымен Қарқаралыдағы «Медик» сауықтыру лагері базасында өткен Бірінші Халықаралық «Студенттердің қимыл белсенділігі және денсаулық денгейі» жазғы ғылыми физиологиялық мектебі  ұйымдастырылды. Мектеп жұмысында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің үздік студенттері, ҚММУ және ТММУ оқытушылары қатысты. Күнделікті биік тауларға,  көлдерге, үңгірлерге, тарихи және табиғи ескерткіштерге бару, жүрек-тамыр жүйесінің (ЭКГ тіркеу, ЖЖЖ, АҚ, жүрек ырғағының әр түрлігінің негізгі көрсеткіштері), тыныс алу жүйесінің (ТЖ анықтау, ӨТС көрсеткіштері, қандағы оттегінің проценттік құрамы)  параметрлерін, жазғы мектеп қатысушыларының организмдерін зерттеумен қатар жүргізілді.

 Жастар профессор Ф.А.Миндубаеваның («Роль функциональной диагностики в оценке и прогнозировании состояния организма»), профессор Ф.А.Шукуровтың («Уровни здоровья: оценка и прогнозирование», «Адаптация, стресс и здоровье»)  қызықты дәрістерін тыңдады сонымен қатар өздері де дискуссияларда, семинарларда өз презентацияларын ұсына отырып белсенді қатысты. Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Долгополовтан Қарқаралы аймағының тарихы туралы аңыз әңгімелерінен, жастар көптеген қызықты мәліметтер білді. Амирбекова Асем мен Макаров Александрдың таланттары ашылған поэзия және музыка кештері де жазғы мектеп қатысушыларын ықылассыз қалдырмады. 

  Орталық-Азия аймақтары физиологтарына арналған ҚММУ базасындағы Бірінші халықаралық жазғы мектеп өткізуді ұсына отырып, ТМД елдерінің физиологиялық Қоғам Одағының вице-президенті профессор Шукуров Ф.А. жазғы студенттік физиологиялық мектептің өтуіне жоғары баға берді.

 

Проф. Миндубаева Ф.А.

аға оқытушы Салихова Е.Ю.


0
20455

пікірлер

пікір қалдыру үшін.