Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ – да 2014 жылдың 17 – 18 маусымы аралығында магистерлік диссертацияларды қорғау өткізілді

ҚММУ – да 2014 жылдың 17 – 18 маусымы аралығында магистерлік диссертацияларды қорғау өткізілді

11 Шілде 2014

Қорғауға үш мамандық бойынша білім алған 21 магистранттың диссертациялары шығарылды:

6М110100 – Медицина (ғылыми және педагогикалық бағыт, профильді бағыт) – 10 жұмыс, оның 2 мемлекеттік тілде қорғалды. Мемлекеттік аттестациялық комиссия магистерлік жұмыстарды «өте жақсы» (6) және «жақсы» (4) деп бағалады.

6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау(ғылыми және педагогикалық бағыт, профильдібағыт) – 6 магистерлік жұмыс, оның 2 мемлекеттік тілде қорғалды. МАК бағасы – 4 жұмыс «өте жақсы» және 2 жұмыс «жақсы» деп бағаланды.

6М110500 – Медициналық- профилактикалық іс (ғылыми және педагогикалық бағыт, профильдібағыт) – 5 жұмыс қорғалды. МАК 3 жұмысты «өте жақсы» және 2 жұмысты «жақсы» деп бағалады.

МАК төрағалары өздерінің қорытынды сөздерінде магистерлік диссертациялардың жоғары сапада дайындалғандығын айтып, түлектерге келешекте табыс және қызметте жоғарлауларын тіледі.

МАК мүшелерінің тілектеріне қосылып, магистрлерімізге кәсіби табыс, ал кафедраларға келешекте тек жоғары сапалы мамандар шығаруларына тілектеспіз!

Магистрлерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі 2014 жылдың 30 маусымында сағат 11:00 ҚММУ акт залында өткізіледі.

ҮКДФ деканаты

Магистрлік диссертацияны сәтті қорғау диплом табыс етумен аяқталды.



0
20251

пікірлер

пікір қалдыру үшін.