Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
" Самарқандтың көк тасы еріген күн"

" Самарқандтың көк тасы еріген күн"

10 Маусым 2014

" Самарқандтың көк тасы еріген күн"

   Сәуірдің 3 мен 7 аралығында стоматология мамандығының студенттері әлемнің ең көне қалаларының бірінде, тарихи орталық. Секудиан елінде, Өзбекстанның көлемі бойынша екінші орнындағы қаласы – Самарқантта болды. Онда сәуірдің 5 - күні Самарқанд Медициналық Институтында  «Студенттердің, резиденттердің, магистранттардың, клиникалық ординаторлар мен жас ғалымдардың  68 ғылыми – тәжірибиелік конференциясы» өтті. Жиын тақырыбы ретінде медицина ғылымының көкейкесті сұрақтары қарастырылды.

Біздің университеттің атынан стоматология мамандығының 5 курс студенттері – Манапова Дарина мен Харченко Виктория барды. Студенттердің ғылыми жетекшісі – балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі Толеутаева Светлана Төлеуқызы. СамМИ жетекшілері мен профессор - оқытушылар ұжымы, келген қонақтарды қонақжайлылықпен қарсы алды.

Біз Самарқандта осы күнге дейін сақталған Әмір-Темір заманындағы Самарқанттың бірегей сәулет ескерткіштерімен, қаланың өзімен, қала тұрғындарымен, ерекше мәдениеті, тілі, дәстүрлері, ұлттық асханасы бар – Өзбек халқымен таныстық.

Конференция СамМИ–дің морфологиялық корпусының ғимаратында өтті. Ол 1963 жылы ашылған. Конференция ашылуынан кейін, құттықтау сөзімен СамМИ ректоры – профессор Шамсиев Азамат Мухитдинович сөз сөйледі.

Конференция бағдарламасы бойынша қатысушылардың сөз сөйлеуі пленарлы отырыста болды, сонымен қоса баяндамалардың жартысы секцияларда оқылды. 

Төрешілер алқасы құрамында Самарқанд Медициналық Институтының ректоры  - профессор Шамсиев Азамат Мухитдиновичпен бастауымен профессор-оқытушылар ұжымы мен Екатеринбург пен Ижевск медициналық Университеттерінің профессор- оқытушылар ұжымдары болды. 

Конференция қорытындылары 05.04.2014 ж. кешінде болды, конференция жабылуында жарияланды.

Конференция қорытындысы бойынша Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің студенттері Д.Б. МанаповаменВ.В. Харченко I дәрежелі Дипломмен марапатталды.


Осылай біздің Самарқанд жеріндегі уақытымыз аяқталды.

ҚММУ ректоры  профессор Р.С. Досмағамбетова осы конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс білдіреміз. 


0
20942

пікірлер

пікір қалдыру үшін.