Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Екінші жыл оқудағы докторанттардың ғылыми тәжірибесі

Екінші жыл оқудағы докторанттардың ғылыми тәжірибесі

06 Маусым 2014

5.05.2014ж.  18.05.2014 жылға дейін оқудың екінші жылындағы докторанттар - Калиева Динар Кенескановна, Шайхин Ануар Маратович, Юхневич-Насонова Екатерина Александровна Грузиядағы Тбилиси қаласында  Д. Твилдиани атындағы университетте машықтанудан өтті.


Машықтану мақсаты докторанттардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын шетелдік жетекшілер профессор Серго Табагари және профессoр Теймураза Чачхиани жетекшілігімен өткізу. Машықтану бағдарламасы қатысушылардың ғылыми қызығушылықтарының әр салада болуын ескерді және Dr. Daphne Hare атындағы кітапхананың электронды базаларында  ізденіс жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді камтыды, оның ішінде  Грузияның әр аймақтарында инфекциялық аурулардың таралымы қорытындыларына талдау жүргізілді, оқытылған нозологиясы бар науқастарды хирургиялық және консервативтік жүргізу тактикасы зерттелді. Машықтану аясында Тбилиси қаласының жетекші клиникаларында -  National Medical Center Acad. O.Gudushauri және MediClub Georgia (Medical Center) ұйымдастыру аспектілерімен, стационарлық және амбулаторлық медициналық көмек менеджментімен танысу және терапиялық, хирургиялық бағыттағы бөлімшелер жұмысына, семинарларға және ғылыми пікірталастарға қатысу мүмкіндіктері туды.  Тбилиси Мемлекеттік Медициналық Университетпен қатынасу барысында осы ірі медициналық жоғары оқу орнымен ғылыми диссертациялық тақырыптары бойынша әрі-қарай ынтымақтастық негізі салынды. Шетелдік супервайзерлер профессор Серго және профессор Теймураздың ғылыми кеңестер берулеріне басымдылық қойылды, олар қажетті білім және дағдылар алу үшін машықтануға қатысушылар дайындығын толықтай бағыттап, үйлестірді, диссертацияларды дайындау жұмыстарында ғылыми және әдістемелік көмек көрсетті.

Ерекше алғысымызды Грузияның Тбилиси қаласының Д. Твилдиани атындағы университет(David Tvildiani Medical University) ректорына, ғылыми кеңес берушілер профессор Серго Табагари,  профессор Теймураз Чачхианиға білдіреміз.


0
20493

пікірлер

пікір қалдыру үшін.