Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Магистранттардың қорытынды аттесттауы

Магистранттардың қорытынды аттесттауы

06 Маусым 2014

Қорытынды аттестаттауға 21 магистрант жіберілді және МАК бірінші кезеңінен – кешенді тестілеуден сәтті өтті. Кешенді тестілеу 27.05.2014 жылы өткізілді.

МАК екінші кезеңіне 6М110100 Медицина  (бейіндік бағыт, ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 17 магистрант, 6М110500  «Медико-профилактикалық іс» (бейіндік бағыт, ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 5 магистрант, 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (бейіндік бағыт, ғылыми және педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша 6 магистрант жіберілді.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша МЖМБС және білім алушылардың қорытынды аттесттауын жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес міндетті компоненттің базалық және бейіндік пәндерінің мазмұнын көрсететін тесттік сұрақтар дайындалды.


Екінші  кезең – Магистрлік  диссертацияларды  қорғау 25-26.06.2014 ж. өткізіледі.

Магистрлік диссертацияны қорғауға магистранттар түптелген диссертациялық жұмысы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқаша рефератты дайындаулары, ғылыми жетекшінің оң пікірін алуы, ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша кемінде бір жарияланымы  және ғылыми конференцияда жасаған баяндамасының болуы, плагиатқа тексеру турала анықтамасы болуы керек. Сонымен қатар, магистранттар диссертациялық жұмысқа пікірсарап және шығарушы кафедра мен ғылыми – сараптамалық комиссияның диссертациялық жұмысты қорғауға ұсыну туралы оң шешімін алулары тиіс.

ҮКДФ деканаты


0
19545

пікірлер

пікір қалдыру үшін.