Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Долинка Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайындағы экскурсия

Долинка Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайындағы экскурсия

05 Маусым 2014

Долинка Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайындағы экскурсия.

2014 ж. 20 мамырында жалпы білім беретін және әлеуметтік – экономикалық пәндер оқытушылары Е.Д.Ярославцева мен Б.Ш. Сагындыкова ҚММУ медициналық колледжінің 1, 2 курс білім алушылары үшін  экскурсия ұйымдастырды. Біздің экскурсияның жүру маршруты – Долинка кентіндегі ҚарЛАГ Басқармасының бұрынғы ғимаратында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы. 


Мұражай 24.02.2001 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған.Мұражайда сотталғандардың тұрмыстық заттары, ХХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы оқиғалар сипатталған сотталғанның күнделігі, сотталғандардың құжаттары мен фотосуреттері, сотталғандардың керуеттері  және тағы басқа сол кезден сақталған көптеген керемет экспонаттар ұсынылған.

Экскурсия  кезінде мұражайдан 4 шақырым жерде орналасқан  «Құрбан аналар» зиратына да бардық.


0
19140

пікірлер

пікір қалдыру үшін.