Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Никотинді витаминге ауыстыр!

Никотинді витаминге ауыстыр!

30 Мамыр 2014

31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күн. Темекі шегуліктің алдын алу бойынша айлық шеңберінің белсенді студенттері, СӨӨБК мүшелері: Темірлан Саматов 1-001 ҚДС, Алуаш Елтаева 3-059 ЖМ, Әсел Жұмабекова 3-080 ЖМ, Самал Әділбек, Балнұр Серікбай, Назерке Әбіл 1-039 ЖМ, Ақерке Дәрмен, Меруерт Зиятдинова 1-048 ЖМ, Виктория Синягаева 1-007 Стом, Бақдәулет Мейірханов 3-015 ЖМ, Ақерке Бахтияр 3-035 ЖМ, Набира Қойшыбаева 3-020 ЖМ,  тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімімен бірлесіп  23.05.2014ж.

 «Никотинді витаминге ауыстыр!» акциясын өткізді. Акция жастар арасында темекі шегулік және зиянды әдеттер мәселесіне назар аударуға бағытталды. Іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және ақпарат тарату болып табылады. Акция қатысушылары ОӘД, Вокзал, Орталық саябақ, Мәңгілік оттың жанында брошюралар, буклеттер таратып, әңгімелер өткізді. Темекілерін витаминдерге ауыстырды. 

Акция соңында қатысушылар толық пакет темекі жинады. Жиналған темекілер отқа жағылды. Акция біздің қалада темекі шегетін адамдардың саны әлі де болса көп екенін көрсетті. Темекіні витаминге ауыстырғандардың ішінде темекіден бас тартқылары келетіндер көп. Өткізген акциямыз темекі шегушілерге өз денсаулықтары туралы ойланып, темекіні тастайды деп үміттенеміз.

Ақерке Бахтияр

СӨӨБК салауатты өмір салтын құру секторына жауапты 

   

0
19523

пікірлер

пікір қалдыру үшін.