Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А.К.К.Қ. (Ардагерлерге күтім және компания қажет).Жалғасы

А.К.К.Қ. (Ардагерлерге күтім және компания қажет).Жалғасы

30 Мамыр 2014

Ынталы студенттер клубының (ЫСК) студенттері еріктілер қызметін жалғастыруда.Бұл жолы біздің еріктілер сөйлесуге құрмет көрсеткен В.П.Ророкин, А.И.Коновалова, А.В.Шибарова, М.А.Сыптанова, М.З.Сейсенбекова және Н.Н.Омарова ардагерлерге кіріп шықты.

Ардагерлер студенттерге өзі және отбасылары, соғыс жылдары және соғыстан кейінгі уақыт туралы әңгіме айтты. Кездесу достық шай ішумен аяқталды. Біздің еріктілер көп қызықты жайттарды білді және өздерінің әсерлерімен бөлісті. Мысалы, ардагер В.П.Ророкин студенттерге баянмен музыкалды нөмерін тарту етті. Өз жасына қарамай, ол салауатты өмір салтын ұстанады және бізді таң қалдыруға шаршамайды.

Еріктілер қозғалысына қосыламыз дегендер ҚММУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөліміне келсін (Гоголь көш., 40, каб. № 126).

Жанас Баймағамбет

ҚММУ ЫСК жетекшісі


0
19238

пікірлер

пікір қалдыру үшін.