Аитв-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелері
АИТВ/АИТС күресті күшейтуді біріктіру 22-23 мамыр күндері
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өткен халықаралық-ғылыми
практикалық конференцияның негізгі мақсаты болды.
Халықаралық қатысуымен республикалық халықаралық ғылыми-практикалық конференция АИТС күресудің Қарағанды облыстық орталығының 25-жылдығына арналды. Форум атауында көрсетілген «ИТВ-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелері» негізгі бес бағыттар бойынша қарастырылды. Конференцияға қатысушылар ҚР АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының саласындағы клиникалық және профилактикалық медицинаның өзекті мәселелері, АИТВ-инфекциясын емдеудің жаңа жолдары, АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау, ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі кездегі жолдары сияқты өзекті мәселелерді қарастырды.
Атап өтетіні, АИТВ-инфекциялар - жаңа қоғамның маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі. 90-жылдары біздің еліміз бойынша тез арада таратыла бастады. Негізгі факторлардың бірі есірткі пайдаланушылардың тобының эпидемиялық процеске тартылуы болды. Бүгінгі таңда АИТВ таратылуы бойынша жағдай жаңа бет алды. Мысалы, АИТВ гетеросексуалды берілуі мен балалардың АИТВ-инфекциясын жұқтырған анадан тууы жағдайларының өсуіне байланысты тұрмысы жақсы халықтың арасында АИТВ таратылуы шынайы қауіп төндіріп жатыр. АИТВ үнемі тосын келіп отырады.
Конференция қатысушыларының сөз сөйлеулері донорлық қанның қауіпсіздігі, есірткі тұтынушылар арасындағы АИТВ ауыруды талдау, АИТВ қызметіндегі ақпараттық электрондық жүйелер, Қарағанды облысының жүкті әйелдерінің арасындағы АИТВ-инфекциясы, облыстағы АИТВ және оппортунистикалық инфекциялардың қазіргі таңдағы диагностикасы. Сөз сөйлегендердің арасында – инфекциялық аурулар саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар болды.