Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Роза Сейтқалиқызы Әлімхановаға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді!

Роза Сейтқалиқызы Әлімхановаға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді!

26 Мамыр 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 446 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы беру туралы Ереженің 12 тармағына сәйкес Қазақстан  Республикасы Әділет министрінің  2014 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығымен ҚММУ хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы, жоғары санатты дәрігер травматолог-ортопед Әлімханова Роза Сейітқалиқызына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы берілді.

Марапаттау рәсімі ҮІІ Астана экономикалық форумының аясында өтті. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына осы жылы 7 адам иеленді, оның ішінде жалғыз әйел – Р.С.Әлімханова. Диплом мен жадылық таспаны Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.М.Имашев тапсырды.



0
20381

пікірлер

пікір қалдыру үшін.