Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары лига, Салем!

Жоғары лига, Салем!

26 Мамыр 2014

Шағын-футбол бойынша кезекті чемпионат біздің команда үшін 6:3 есебімен сенімді жеңіспен ҚММУ-Тұлпар жарысы аяқталды. Біріншілік аяқталғанға дейін екі турда шұғыл жоғарғы лигаға жолдаманы  ұтып алды, біздің футболшыларымыз алдағы жылдың - II лиганың ұтысы кездейсоқтық емес екендігін сенімді дәлелдеді және ҚММУ ШФК – бұл шындық және ұзаққа...Алғашқы турдан бастап біздің командамызға жаңадан қосылған ойыншымыз жоғарғы лигаға жолдама алушылар қатарына қосылу үшін жарқын, ең бастысы нәтижелі ойын көрсету, ниетін білдірді. ҚММУ ойыншыларының орташа нәтижесін айтсақта да жеткілікті – бір ойында 7доп. 

Маусым кезінде команда алға шықты. Бірінші айналымда өзінің жақын қарсыластары «ЮТЕКС» пен «СТЕПНОЙға» жол бергені кездейсоздық емес, команда өз қарсыластарына қарыздарын беріп, екінші айналымда керемет жеңістердің 10 топтамасын сыйлады: «ЮТЕКСті» 8:2 шотпен, көп уақыт бойы алда болып келген «СТЕПНОЙды» тіпті 12:4 шотпен жеңді.

Бір жарым жылдың ішінде ешкімге белгісіз командадан облыстық футбол Жоғарғы лигасының толық құқылы қатысушына айналды. Ал, футболда алғаш қадамдарын жасаған ойыншылар Жоғарғы лигада ойнап жүрген ойыншылар деңгейіне жетті. ҚММУ ШФК заманауи, динамикалы, жылдам, өзінің тактикалық істері мен қорғаудан шабуылға шапшаң өту өнерлерін көрсетті. Команданы жақсы таңдалған ойыншылар ерекшелейді. Облыстық футбол федерациясы өз номинацияларында үздік деп біздің үш ойыншымызды таныды:

  Үздік шабылдаушы –3-082 ЖМФ тобының студенті Авель Таржанов

  Үздік бомбардир –7-004 ЖМФ тобының интерні Арыстан Турдыбаев

  Үздік қорғаушыҚММУ резиденті Болысбек Мамитов

Бапкерлер штабының күш-жігері арқасында (К.К.Толеубеков және А.К.Тухметов) команда беделді қарсыластардан қорықпай, бір тұтас, әрі жаттыққан механизмде әрекет етті.

Жоғары лигада ҚММУ ойыншыларының осындай мінездері мен шеберліктері жоғалмайды деген сенімділік таныту ғана қалады.

ҚММУ құрамы 2013/14 :

Қақпашылар: Тухметов Арман, Белоусов Дмитрий, Мергенов Қуандық.

Қорғаушылар: Мәметов Болысбек, Оспанов Ержан, Жансейтов Азамат, Кофанов Иван, Гац Александр, Баймұханов Ермұхамед, Убайдуллаев Айбек.

Шабуылшылар: Тұрдыбаев Арыстан, Таржанов Авель, Дарабаев Медет, Абдижаббаров Шахзод, Ахмедия Бауыржан.

  ҚММУспортклубы.


0
20794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.