Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалым – ел ертеңі!

Жас ғалым – ел ертеңі!

21 Мамыр 2014

Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2014 жылдың 25-26 сәуір аралығында С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Студенттік ғылымның Халықаралық кеңістікке интеграциясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жалпы  zhasgalym.com сайтына онлайн тіркелу бойынша 500-ге жуық ұсыныстар тіркеліп,  оның 200-ге жуық баяндамалары оқылып, 350-ге тарта  тезистердің жинағы шықты.

Бірінші күні Конференцияның ашылу салтанатына С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, м.ғ.д., проф. А.А.Ақанұлы және Қазақ тағамтану академиясының президенті, Ресей медицина ғылымы академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманұлы Шарманов қатысты.  «Болашақ медицинасы» атты пленарлық отырыста АҚШ, Атлантадағы Emory университетінің PhD докторы, профессор  Frits Van Der Haar-ның және Киев қаласындағы (Украина) П.Л.Шупик атындағы «Дипломнан кейінгі білім беру Ұлттық академиясының» м.ғ.д., доцент В.П.Шипулинның баяндамалары оқылды.

С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Студенттік ғылымның Халықаралық кеңістікке интеграциясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 4 секцияға бөлді:

1.  «Life science» - 1, 2, 3 курс студенттерінің жұмыстары (64 баяндама)

2.  «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» — 4,5 курс студенттерінің жұмыстары (69 баяндама)

3.  «Жас зерттеуші» - 35 жасқа дейінгі интерндер, резиденттер, магистарнттар, аспиранттар, докторанттар және жас ғалымдардың жұмыстары (76 баяндама)

4.  «Кіші Ғылым академиясының биомедицина және медицина бөлімінің конференциясы» мектеп оқушалары және шетелдік студенттер мен ҚР-ның медицина ЖОО студенттері (23 баяндама).

Конференция нәтижесі «International Students Journal of Medicine» студенттік журналдың арнайы баспасында жарияланды.(304 ғылыми басылым, оның ішінде Польша, Беларус, Финляндия, Ресей, Украина, Қырғызстан және Қазақстанның медициналық ЖОО-ның жұмыстары.

Конференцияға Мәскеу қ, РФ; Омбы қ, РФ; Киев қ, Украина; Бішкек қ, Қырғызстан; Астана қ, Алматы қ, Семей қ, Павлодар қ, Қарағанды қ, Ақтөбе қ, Шымкент қ. келген делегация қатысты.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 15 студент қатысып,  оның ішінде 5-010 топ студенті Ж.И.Сагтаганов С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Студенттік ғылымның Халықаралық кеңістікке интеграциясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясына сүбегейлі үлес қосып, ғылыми ізденісі мен жоғары жетістіктері үшін СКҚБ «Демеу» атынан бір реттік шәкіртақымен марапатталды. Сонымен қоса үшінші орын алғаны үшін «Особенности эпидемического процесса сальмонеллеза в Центральном регионе Казахстана» атты ғылыми жұмыспен А.Т.Кабдушева, А.Ш.Ташетова марапатталды. Ғылыми жетекші: м.ғ.к. М.Р.Қантеміров. Жалпы медицина факультетінің 2-033 топ Б.С.Ибраев,2-039 А.Алпысбаева, 2-006 топ Ф.М.Нурумбетова, 2-022 топ  У.Н.Абдихалилов, ҚДС факультетінің 4-001 топ студенті А.М.Аскарова, М.М.Бейсембекова, 5-014 топ  Н.М.Тойымбекова, 5-059 топ  Е.А.Самойленко, Н.В.Тарасова, Ш.К.Щербатаев, М.Ю.Червева, 2-001 топ С.Шалусбаева баяндама оқығандары үшін сертификат берілді.

Конференцияның екінші күні Дублиндағы (Ирландия) PhD School of Pharmacy and Pharmaceutical Sciences Trinity College-ның профессоры, фарм.ғ.д. Fabio De Sousa Menezes Boylan және Харьков қ. (Украина) Ұлттық фармацевтикалық университетінің фарм.ғ.к., доцент А.С.Кухтенко ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы мастер-класта баяндама тыңдалды. Сонымен қатар «Студенттік ғылымға заманауи көзқарас» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланып, пікірталас түрінде өтті. Конференция қарар қабылдаумен және марапаттаумен аяқталды.

Ибраев Б.С.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің 2-033топ студенті


0
20886

пікірлер

пікір қалдыру үшін.