Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21 Мамыр 2014

2014 жылдың 25 – сәуірінде Тәжікстан Республикасындағы Душанбе қаласының Әбу Әли Ибн Сина атындағы Тәжік Мемлекеттік Медицина Университтетінде «Медицина ғылымының дамуының жетістіктері мен келешегі» тақырыбы бойынша жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық қатысумен IХ ғылыми – практикалық конференциясы өтті.

  Конференцияның салтанатты ашылуында Әбу Әли Ибн Сина атындағы ТММУ ректоры,  м.ғ.д. профессор Курбанов Убайдулло Абдуллоевич сөз айтты.

Конференция он бір секциядан тұрды: хирургия бойынша -3, теориялық медицина бойынша -3, физиология, педиатрия, стоматология, терапия и кардиология. Жаңа ізденуші зерттеушілерден 184 баяндама ұсынылды. Медицина ғылымының келешекте дамуының өзекті мәселелері талқыланды.  Конференция ТММУ студенттерінің терең ғылыми әлеуетін және ұйымдастырушы комитеттің дайындалуының жоғарғы деңгейін көрсетті.

Ғылыми – практикалық конференцияға ТММУ жас ғалымдары мен студенттерінен басқа Қарағанды қаласының Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінен №2 хирургиялық аурулар кафедрасы атынан 6 курс интерні Садуова Зарина Жанабекқызы қатысты. Ол “«УРАТ -1М» аппараты эхинококкэктомия кезінде қолдануы” атты тақырыбында ауызша баяндаманы қорғады. Ғылыми жетекшісі – медицина ғылымдарының магистрі Калиева Динар Кенесханқызы.

Челябинск қаласының өкілі ретінде Оңтүстік – Оралдық Мемлекеттік Медициналық Университеттің ғылым мен халықаралық байланысы бойынша проректоры, м.ғ.д., профессор Телешова Лариса Федоровна, аспирант Шишкин Евгений Владимирович және 6 курс студенті Тарасов Владимир Андреевич шықты.

Конференцияның салтанатты жабылуы қарар қабылдаумен, мерекелік сауық кешпен және конференцияның «Ең жақсы баяндама» атты конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

Садуова Зарина Жанабекқызы баяндама жоғарғы ғылыми деңгейде оқылғаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен және конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Интернатура факультеті

СӨБК ақпарат секторы


0
18954

пікірлер

пікір қалдыру үшін.