Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19 Мамыр 2014

2014 жылдың 25 – ші сәуірінде Воронеж қаласындағы Воронеж Мемлекеттік Медицина Академиясында  «Бүкілресейлік Бурдендік X студенттік ғылыми конференция» өтті. Конференция 24 секция бойынша өтті, онда көптеген жас ғалымдар өз баяндамаларын қорғады, медицинаның өзекті мәселелерін зерттеу бойынша өздерінің ойларын, идеяларын ортаға салды.

 ҚММУ атынан өз баяндамаларымен мына студенттер шықты: Жүнісов Әмір (6-023 ЖМ) және Кенжебай Әділет (3-092 ЖМ). Олар «Морфология» деген секцияда баяндама жасады, бұл секцияда 24 қатысушы баяндама жасады. Ә.Қ. Жүнісов «Жылы емес диапазондағы өте жоғарғы жиіліктегі (СВЧ) сәулеленуден кейін бауыр гепатоциттерін цитологиялық зерттеу» атты баяндаманы қорғады. Ғылыми жетекшісі – анатомия кафедрасының аға оқутышысы К.К. Кайырбекова. Конференция соңында конкурстың қорытындысы бойынша Ә.Қ. Жүнісов үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды және де барлық қатысушыларға қатысушы сертификаты берілді.

ВММА гистология кафедрасының меңгерушісі проф. З.А. Воронцов ВММА мұражайында, кафедралар бойынша қысқаша экскурсия жүргізіп, құшақ жая қарсы алды. Конференцияның салтанатты жабылуында мерекелік кеш қойылды, сонымен қатар Жүнісов Әмір тек өзінің білімін ғана көрсетіп қана қоймай, өзінің өнерлік қасиетінде көрсетті. Домбыра шертіп, қазақтың дәстүрлік ән-күйлерін орындап берді. Ол «Сегіз қырлы бір сырлы» жігіт деп атауға лайық.

Қорытындалай келсек, студенттерді қолдап, олардың жұмыстарының ары қарай өркендеуіне ынта бергені үшін университетімізге мың да бір алғысымызды білдіреміз.

Интернатура факультеті

СӨБК ақпарат секторы


0
20904

пікірлер

пікір қалдыру үшін.